Өлең, жыр, ақындар

Менің жадым

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1112
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.
Ата сөзін тыңдаймын,
Ана сөзін тыңдаймын.
Жаттап алып жақсысын,
Жаман істер қылмаймын.
Ертегі де оқимын,
Өлеңді де оқимын.
Бәрін, бәрін, бәрін де
Еске сақтап, тоқимын.
Көп киноны көремін,
Мультфильм де көремін.
Соның бәрін ұмытпай,
Еске сақтай беремін.
Тыңдап әнші әнін де,
Ұғып терең мәнін де,
Жаттап алып ілезде,
Қайталаймын бәрін де.
Өзімді-өзім баптаймын,
Оқып тыным таппаймын.
Жақсыларын жаттаймын,
Есімде ұзақ сақтаймын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл көріністері

  • 0
  • 0

Нұрландырып өңірді,
Алтын арай төгілді.
Шаруалар шып-ширақ
Шықты тысқа көңілді.

Толық

Сағындым

  • 0
  • 0

Балалығым, бал тілді
Ерте күнді сағындым.
Әжем айтқан сан түрлі
Етегімді сағындым.

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Отанымды оттан ыстық сүйемін,
Сол үшін де отқа түсем, күйемін.
Отанымнан өзге менің жерім жоқ,
Туған жердің топырағы да киелі.

Толық

Қарап көріңіз