Өлең, жыр, ақындар

Тамаша

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1561
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Ей, халайық, халайық,
Тамаша әнге салайық.
Ашық аспан аясында,
Қанатты бірге қағайық.
Ойын, той, десе тамаша
Қуанар қазақ балаша.
Көңілге қуат дем берер,
Әзіл мен күлкі жараса.

Қайырмасы:
Ей, үлкен-кіші, жасымыз,
Ей, қосылыпты басымыз.
Басталады Тамаша,
Жастар әні – Тамаша.
Достар әні – Тамаша,
Асқақ әні – Тамаша.
Тәтті үніміз – Тамаша,
Ақ гүліміз –Тамаша.
Пәктігіміз – Тамаша,
Шаттығымыз – Тамаша.

Біреуің келдің қаладан,
Біреуің келдің даладан.
Тамашамен марқаяды
Осында келген әр адам.
Қазақтың жаны – тамаша,
Қазақтың әні – тамаша.
Тарқамайды тойымыз,
Қазақтың сәні жаңаша.

Тағы да тағы тосамыз,
Тағы да басты қосамыз.
Тамашасыз өмір сүру,
Мәнсіз де дәмсіз бос аңыз.
Тамаша – біздің таңымыз,
Тамаша – біздің бағымыз.
Тасқынды судай тынбайды
Тамаша – сұлу әніміз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Хор

  • 0
  • 0

Аудан басшылары хор құрамыз деп,
Хор болғанда, зор қыламыз деп,
Ұранды тастап жіберді,
Бір әнді бастап жіберді.

Толық

Ала қойлар

  • 0
  • 0

Патша Арыстан қойларды ала сүймеді,
Оп-оңай-ақ болар еді жоюға,
Заңсыздау ғой, бірақ сөйте қоюға –
Сол үшін бе тәжді киіп жүргені?

Толық

Жолды жегені – елді жегені

  • 0
  • 0

«Алакөл! Алакөл!» деп елдің бәрі,
Аптыға құрақ ұшып келді бәрі.
Жолдарын көрген кезде ойқы-шойқы,
Келместей тұра қашар ендігәрі.

Толық

Қарап көріңіз