Өлең, жыр, ақындар

Тілегім

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 31341
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жансын денем, күш бітсін,
Күшті жалын ішке өтсін,
Ащы, ыстық жас төгейін.
Көрмейін ерік, тұтқын боп,
Абақтыда жұтып от,
Өтсін өмірім зарменен.
Берік болсын жау қамаған,
Сарғаяйын санадан,
Көрісе алмай жарменен.
Іште толған қалың дерт,
Жүректегі жалынды от
Зарлатар мені сол уақыт.
Елестеген ерікті,
Ұшқыр жанға серікті
Жырлармын мен жан атып.
Көрген сайын көп қысым,
Зарлы, ащы дауысым
Шырқырар Сарыарқада.
Өзегіне өтпей ме,
Зарлы жайым жетпей ме
Қазағыма - қалқама!
Көрмейін рақат, жанайын,
Жалын болсын маңайым,
Күйейін, азап шегейін.
Жырыммен жаным жұбатам,
Жырыммен жұртымды оятам,
Несіне жас төгейін?!



Пікірлер (2)

Али

Керемет

Жансая

керемет

Пікір қалдырыңыз

Жылқышы

  • 0
  • 1

Бораны – бөрі ұлып тұр,
Төбеттей тынбай үріп тұр,
Сын тағылды қаңтарға.
Аман ба екен жылқышы,

Толық

Жолдасқа

  • 1
  • 1

Әй, әй, жолдас, жас жігіт
Қиқу салған, лепірген,
Кетті ме әлде жын соғып,
Аузын, мұнша көпірген!

Толық

Шолпы

  • 0
  • 0

Сылдыр. Сылдыр. Сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сынғыр!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар