Өлең, жыр, ақындар

Туған жер толғауы

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 8528
Әнін жазған Алтынбек Қоразбаев

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,
Қайтадан бір қарайыншы анықтап.
Жастайымнан жаттап өскен жар, ойын,
Туған жерім – абыройым, ар-ойым.
Осы жерде тозып тұңғыш көйлегім,
Осы жерде өткен қызық бал ойын.
Бір кездері секілді еді алып тау,
Биік төбе аласарып қалыпты-ау.
Басындағы әз бабамның бейітін
Енді бүгін қиын боп тұр анықтау.
Көрген сайын көңіл кірі аршылар,
Әркімнің-ақ туған жері бар шығар.
Бірақ, маған сенсіз әлем тар шығар,
Сағынышым ыстық жас боп тамшылар.
Туған жерім – сағынышым сарғайған,
Құстай үшып келем саған шалғайдан.
Жібек желің еркелетіп, елітіп,
Жылы леппен сүйіп жатыр мандайдан.
Жапырыла жасыл желек құрағың,
Жарқын үнмен сыңғырлады бұлағың.
Қасиетіңнен айналайын, туған жер,
Көк майсаңды құшақтай кеп құладым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Емен

  • 0
  • 0

Арпалысып, алысып,
Күзгі желмен гулеген,
Қасарысып, қарысып,
Жапан түзде тұрды емен.

Толық

Мақтау мен даттау

  • 0
  • 0

Кейбір жеңгей желігіп,
Елден ерек ерігіп,
Жайға карап жатпайды,
Күйеулерін даттайды:

Толық

Жар-жар

  • 0
  • 0

Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.

Толық

Қарап көріңіз