Өлең, жыр, ақындар

Ұйықта, бөпем

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3225
Әнін жазған Әбиірбек Тінәлі

Күлкің сенің таң нұрындай арайлы,
Тереземнен сәуле болып тарайды.
Мойныма сен еркелеп кеп асылсаң,
Болашағым бақытымдай қарайды.

Қайырмасы:
Ұйықта, күнім, бөбегім,
Анаң айтсын өлеңін.
Ұйықта, ұйықта, балашым,
Әлдилеуде анашың.
Бейбіт күнде өмір сүрген,
Бақытты бір баласың!

Анаң отыр өзің үшін ән құрап,
Айналайын бал бөбегім – бал құрақ.
Неткен ғажап, неткен сұлу тыныш түн,
Сен жатырсың құшағыңда балбырап.

Қайырмасы.

Анаң отыр бесігіңді тербетіп,
Еш қызық жоқ сенен басқа менде түк.
Аялаймын, аймалаймын, жан балам,
Қашан адам болғаныңша ер жетіп.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл

  • 0
  • 0

Дауыл тұрып бір күні,
Құмды келіп суырды.
Тықты ініне кірпіні,
Түлкі, қарсақ, суырды.

Толық

Санамақ

  • 0
  • 0

Бір – Құр.
Екі – Үкі.
Үш – Құс.
Төрт – Торт.

Толық

Атағы болмады деп алып берген

  • 0
  • 0

Атағы болмады деп алып берген,
Жерім жоқ басшыларға налып көрген.
Ақырын жүріп келем анық басып,
Бағадан артық не бар халық берген?

Толық

Қарап көріңіз