Өлең, жыр, ақындар

Ей, аға

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1530
Ей, аға, мен несіне өкпелейін,
Еркің ғой десең-дағы жек көрейін.
Талантты бір інім деп таныған соң,
Өзіңді құрметтедім көпке дейін.
Қалтқысыз бақыладым әр күніңді,
Көріп те жүрдім айқын қарқыныңды.
Қуандым өзім бірге жазысқандай,
Жырларың туа қалса жарқын үнді.
Бақыттың сайран салып бақтарында,
Аяқты алшаң басып аттадың да.
Тұнжырап жүрдің біраз төмен қарап,
Тағыңнан тайып кеткен шақтарыңда.
Қалпымда қала бердім ағалаған,
Жерім жоқ сырт айналып, табалаған.
Болмады құбылмалы қасиетім,
Адамды қызметімен бағалаған.
Бір мезет кермек дәмін татып жырдың,
Ауырып, төсек тартып жатып жүрдің.
Ағажан, алабөтен ақау көңлің
Менің де қабырғама батып жүрді.
Қайтадан қызметің де көтерілді,
Кеудеңе күлше пісіп, от өрілді.
Көбіне дос-жаранның күле қарап,
Білмедім мансап қуып кетеріңді.
Дәріптеп дәрежеңді, мақтамадым,
Содан ба әлде саған жақпағаным?
Түрткілеп, тырнақ асты кір іздедің,
Алдыңда болса да пәк, әппақ арым.
Ағажан, артық сыйлап өтіп едім,
Қападан қарс айрылды көкірегім.
Өзіңнен зәбір-жапа шеккенге емес,
Бір ақын азайғанға өкінемін.
Тірлікте жүр дейсің кім кең көсіліп,
Сүйрейді үнемі алға сөнбес үміт.
Ей, аға, мен несіне өкпелейін,
Ақынды айналдырса пендешілік?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сүңгуірлер

  • 0
  • 0

Күдікшіл бір патша бопты бұрында:
Жүректі езіп, аяқ-қолды байлаған,
Қарап тұрсаң, зиян көп-ау пайдадан
Ғылымда.

Толық

Егінімді ерте қамдап

  • 0
  • 0

Егінімді ерте қамдап,
Ерте екпей,
Тәтті тағам татқаным жоқ тер төкпей.
Жасандылық жасамадым жалғанда,

Толық

Ойлы теректер

  • 0
  • 0

Қызылорда келешегін ойлаған:
Теректерің көшені өрлей бойлаған
Биік үйдің өркешіне жармасып,
Жапырақтар жас баладай ойнаған.

Толық

Қарап көріңіз