Өлең, жыр, ақындар

Ескерткіш

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1576
Өмірді өлшеп Алла бөле білген,
Өлген ол, өлесің сен, өлемін мен.
Тұрғызсам деп келемін күмбезімді,
Өмірлік өлмейтұғын өлеңіммен.
Өмірде жоқ ешқандай бұлдағаным,
Махаббат, әділеттік жырлағаным.
Ерекше еліктірген, сергіттірген
Жұпарлы жібек желі гүл даланың.
Тірліктің түпкілікті бұзып мәнін,
Мансапқа, дүниеге қызықпадым.
Шарапты шалқып ішіп думандарда,
Арулар арасында қызықтадым.
Біреулер қызметімен қырланады,
Біреулер байлық қуып тырбанады.
Орнынан түсіп қалса, не көз жұмса,
Біржола бәрінен де құр қалады.
Сарай мен салтанатын мақтан көрер,
Патшалар ұшып кеткен тақтан нелер.
Қиянат жасар болсаң басқаларға,
Зауалы түбінде бір хақтан келер.
Тартасың қияметте зауалыңды,
Бересің Алла алдында жауабыңды.
Байсың ба, бақырсың ба, қарамайды,
Тек қана есептейді сауабыңды.
Мен сонда бір-ақ жанды сүйдім дер ем,
Басымды соған ғана идім дер ем.
Қорқытпа тозағыңмен, күйсемде мен,
Отына махаббаттың күйдім дер ем.
Заңың бар бағынатын, қоғамың бар,
Бәрінен биік тұрған Жоғарың бар.
Азғантай тіршілікте адал жүріп,
Адамдар, адамдыққа оралыңдар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сиқыр сезім

  • 0
  • 0

Жаулап алдың әніңмен де,
Сұлу сымбат сәніңмен де.
Ақ көңіл мен пәк жүрегің
Аса қымбат бәрінен де.

Толық

Қасқыр мен тышқан

  • 0
  • 0

Дүрліктіріп отарды,
Қасқыр қойды бір түкпірге апарды.
Қонаққа емес, белгілі:
Қой терісін сыпырды да қомағай,

Толық

Қылықты қыз

  • 0
  • 0

Жалт-жұлт етіп жүрісің-ай,
Күншуақтай күлісің-ай.
Сылдыраған бөктердегі
Ерке бұлақ үнісің-ай.

Толық

Қарап көріңіз