Өлең, жыр, ақындар

Алматы, асқар тауың аялаған

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 844
Алматы, асқар тауың аялаған,
Баурында сен балапан саялаған.
Әсемдік әлемдегі бір өзіңде,
Табиғат сыр-сымбатын аямаған.
Тірелген тауға барып көшелерің,
Шайқалған шатқалыңда кесе көлің.
Көрген жан көзі қиып кете алмайды,
Жаннаты – жер жұмағы деседі елім.
Тауларың мүлгіп тұрған көкте өрімдей,
Тамаша табиғаттың көктеміндей.
Таңертең ұшқан бұлттар шыңдарынан
Талпынған бейбітшілік кептеріндей.
Сен бір сәт құшып күннің шұғыласын,
Сен бір сәт бұлт астына тығыласың.
Сен бір сәт төгіп-төгіп жаңбырыңды,
Күніне әлденеше құбыласың.
Алатау бейне биік асқар аға,
Кетеді қиялымды бастап ала.
Төкпелі мінезің бар ұқсай қалған
Жайдары, жүрегі пәк жас балаға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқасын тап

  • 0
  • 0

Тау көтерер шамасы бар,
Дәу машина
(Самосвал)
Тегістейді күнде жер,

Толық

Егіздер туралы түсінік

  • 0
  • 0

Жап-жас ана!
Қандырып кәусарымен,
Кезек құшып,
Аймалап аңсарымен,

Толық

Бидай мен арпа

  • 0
  • 0

Қамбада Бидай тұрды,
Қоймаға симай тұрды.
Көп дәннің арасында
Күшіне қарасын ба?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар