Өлең, жыр, ақындар

Теңіз боп жаным тулайды

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3169
Теңіз боп жаным тулайды,
Шағала қонып шулайды.
Шатырлап көкте найзағай,
Шүйліккен бұлтты турайды.
Домбырам басы ырғайлы,
Домбырам даусы сырнайлы.
Дидарын көріп жасарған,
Даламды дарқан жырлайды.
Ойланып күнде мың жайды,
Көңілім мүлде тынбайды.
Қоғалы көлдер, көк белдер
Күйімді ұйып тыңдайды.
Тербетіп тілсіз түнгі айды,
Қырларды кезіп қурайлы,
Самайды сипап самал жел,
Сырымды менің ұрлайды.
Теңіз боп жаным тулайды,
Шағала қонып шулайды.
Шиыршық атып шалқымай,
Шабытты шақтар тумайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 0

Түсімде ылғи құс болып ұшып жүрем,
Көз жеткісіз көк төсін құшып жүрем.
Шалқарларда шалқыған шағала боп,
Бірде түпсіз тереңге түсіп жүрем.

Толық

Алатау аясында

  • 0
  • 0

Жетісу – жер жаннатым,
Әсем қалам Алматым.
Өлеңімді алғашқы
Бір өзіңе арнадым.

Толық

Цыган қыз

  • 0
  • 0

Цыган қыз суырып картасын,
Тосады жақын кеп қалтасын.
Шегіндің, не білдің, бауырым,
Қолыңды бекерге тартасың.

Толық

Қарап көріңіз