Өлең, жыр, ақындар

Сергелдең

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 775
Болмаған соң бойда жігер, қаруың,
Қырсыздықтың таттың талай зәр-уын.
Кімге керек іштен тынып жануың?
Әлдекімнің артық санап аруын,
Жүр жиілеп сыртта қонып қалуың.
Өміріңде бар әйтеуір салқындық,
Көңіліңе салып жатыр әр күн дық.
Баяны жоқ бақыт үшін әр түндік,
Ұшып-қонған көбелектің салтын қып,
Өзіңді-өзің көрсетесің жарқын қып.
Өзіңді-өзің алдандырып бір ауық,
Өзге жанға ынта-дертің жүр ауып.
Келіншегің көздің жасын бұла қып,
Жұбатады жас балаңды жылауық,
Кетті білем жарымынан түн ауып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жол басы

  • 0
  • 0

Бөпем алғаш тәй басып,
Тәй басқанда жай басып,
Жетекте деп жылады,
Сұрады,

Толық

Кім күшті?

  • 0
  • 0

Қара судың қабағы,
Бетінде ойнап шабағы,
Балықшының қармағын
Балық жиі қабады.

Толық

Мезгілсіз қонақтар

  • 0
  • 0

Ұйқасшылдың үйіне
Барған едік үйіле.
Бірақ та, оның ойлары
Прозамен, өлеңмен араласып қайдағы,

Толық

Қарап көріңіз