Өлең, жыр, ақындар

Жыр жазады ақындар жиып есін

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 703
Жыр жазады ақындар жиып есін,
Жиып есін, селтеңнен тыйып өзін.
Жанұялы болған соң – кең ұялы,
Қара қамыт мойынға киінесің.
Ақын деген, әрине, биік есім,
Бірақ, оттың басында иілесің.
Қатын менен балаңды аш қалдырып,
Ренжіткің келмейді үй иесін.
Сондықтан да кейбір сәт күйінесің,
Шабытыңды шақырып, шүйілесің.
Бұрқыратып жазасың, шырқыратып,
Өлең мейлі иісін, иімесін.
Алатұғын осы ма сый-үлесім?
Жинағымды ұсынам жиі несін?
Болмаса, аға, жақсы жыр жазбаймын ба,
Аңсап-аңсап оқитын сүйіп өзің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауыл көріністері

  • 0
  • 0

Нұрландырып өңірді,
Алтын арай төгілді.
Шаруалар шып-ширақ
Шықты тысқа көңілді.

Толық

Қалағанда үй тасын

  • 0
  • 0

Қалағанда үй тасын,
Таба алмасаң ұйқасым,
Өнеріңмен өзгені
Қалай ғана ұйытасың?

Толық

Имандылық

  • 0
  • 0

Кейбір адам кенет өліп жатады,
Кейбір жастар ерте сөніп батады.
Кім де болса, жақсы жанның өлімі
Жан жылатып, қабырғаңа батады.

Толық

Қарап көріңіз