Өлең, жыр, ақындар

Шортан мен мысық

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 984
Етікшілер нан пісірсе – обал-ды,
Наубай етік тігер болса – не қалды?
Онда іс оңбас бір рет,
Байқалған жай жүз рет.
Қолдан келмес іске ұмтылған кімді көр,
Өзгелерден ожар, қыңыр келеді.
Бар істі тез бүлдірер –
Ондайлардың өнері.
Беталдына зорлыға,
Жұрт біткенді күлдірер,
Білгендерден ақыл сұрау орнына.
* * *
Ой оралды бірде азулы Шортанға,
Мысық ісін жасамақ боп сол таңда.
Мүмкін, әлде қызғаныштан жаныққан,
Мүмкін, әлде балық астан жалыққан.
Әйтеуір, ол Мысыққа кеп қоймаған:
«Аңшылыққа ертіп шықсаң, Тышқанды
Ұстар ек деп қоймадан».
«Білемісің, оңай емес, іс мәнді, –
Деген Мысық сонда оған, –
Шортаным-ау, сорлап қалма тек ерте:
Ел айтпаған бекерге,
Бәрі оңай деп шеберге».
«Білем, достым, көрмегенмен Тышқанды,
Мына тіспен талай балық ұсталды».
«Онда, іске сәт!» Отырды олар бөлініп,
Мысық тойып, көңілденіп ерледі,
Енді досын көргелі
Келсе, Шортан жатыр екен өлгелі –
Жеп қойыпты құйрығын Атжалмандар кеміріп.
Қолдан келмес іске ұмтылған жаман да,
Шалажансар Шортанды сүйреп барды тоғанға.
Шортанға бұл орынды
Сабақ болды қонымды.
Болып алды ұстамды,
Енді ауламас Тышқанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсастық

  • 0
  • 0

Түрлі-түрлі мақам бар
Келе жатқан баяғыдан.
«Шіриді, – деген мақал бар, –
Балық басынан,

Толық

Бабамыз батыр Саңырық

  • 0
  • 0

Қаралы күндер жамылып,
Тұрғанда елім тарығып,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Аттанған жауға Саңырық.

Толық

Қасқыр мен көкек

  • 0
  • 0

«Қош бол, көршім! – деді Қасқыр Көкекке, –
Бұл жер тыныш екен деп, әуре боппын мен текке
Сендердегі ит те, адам да адуын:
Бір-бірінен ашулы; сен періште болғын-ақ,

Толық

Қарап көріңіз