Өлең, жыр, ақындар

Тас пен алмас

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1579
Алмас жолда жатыр еді шаң басып,
Бір саудагер тауып алды дәл басып.
Қолдан-қолға өтті де,
Пашаға ол аттанды;
Алтынменен апталды,
Әшекейге айналып тез кетті де.
Мұны естіп, Тас қызықты балаша
Сол Алмастың тағдырына тамаша.
Былай деді бір мұжықты көргесін:
«Айналайын жерлесім,
Мені өзіңмен астанаға ала кет,
Жауында қап үнемі, көрмекпін бе бәлекет?
Алмас даңқы жетті бүгін алыстан,
Ескерусіз жататұғын қасымда,
Ол да мендей тас еді ғой басында,
Керек десе, бүйіріме жабысқан.
Ала кеткін, көзге түсіп қалармын,
Мен де сондай бір кәдеге жарармын».
Тастың сөзін тастамай ол далаға,
Алып келді қалаға.
Ойлады Тас: «Бағым одан болмас кем,
Қатар тұрам Алмаспен».
Басылып тез Тастың ойы лепірме,
Тіреуіш боп қаланды тек көпірге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тордағы аю

  • 0
  • 0

Қорбаңбай
Торға түсті – сор қандай!
Ажалменен алыстан қылжаңдасаң қылжаңда,
Қорқынышты ол қасыңа кеп тұрғанда.

Толық

Мұзайдын

  • 0
  • 1

Алматы керемет қала ғой,
Алатау айрықша дара ғой.
Көрікті жерлері жетеді,
Бірінен біреуі өтеді.

Толық

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз

  • 0
  • 0

Бұл тағдырдың қаттылығын қараңыз –
Көп жыл бойы қосылмады арамыз.
Жүрегімде алаулады жыр болып,
Желке шашы желбіреген бала қыз.

Толық

Қарап көріңіз