Өлең, жыр, ақындар

Екі ит

  • 09.08.2019
  • 0
  • 0
  • 794
Бір мырзаның Барбосы
Әлді өзі
Жаны қалмай үріп жүрді таңда осы.
Көрді бірде ескі досын өзінің,
Алды жүн-жүн көзінің.
Терезеде жатыр жастық жастанып;
Туысқанын тапқандай боп бассалып,
Қуанғаннан жылай жаздап өкіріп,
Әрі-бері ырғаңдап,
Құйрығы да бұлғаңдап,
Биледі секіріп:
«Халің қалай, Жүндесім?
«Жаман емес, сірә мына ақ сарай.
Есіңде ме, жүрген ек қой аш талай,
Қазір қандай міндетің?»
«Бақытыма, – деді Жүндес, – ырзамын,
Мен дегенде жаны жоқ-ау мырзаның.
Жеткілікті тамағым,
Кіл күмістен табағым.
Қожайынмен кейде ойнап шаршасам,
Жұмсақ кілем, төсек дайын әрқашан.
Ал, өзің ше?» «Мен бе, – деді Барбосың,
Сағы сынып, төмен қарап халде осы, –
Бұрынғыша: бірде тоқ та, бірде аш,
Мүлде пәс,
Жүргенім сол байдың үйін күзетіп,
Бірде аптап, бірде жаңбыр сызы өтіп,
Кейде жүрсем беталды,
Таяқ тілер жотамды.
Айтшы, Жүндес, жүрсің қалай алшаңдап?
Әлсіз, нәзік болсаң да?
Мен секілді арпылдап та үрмейсің,
Қандай еңбек сіңірдің?»
«Қандай еңбек? Білмейсің! –
Мырс етті бір бұл оған, –
Артқы аяқпен жүре алам».
* * *
Кейбір иттер тұрар сарай ішінде,
Артқы аяқпен жүре алғаны үшін де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем

  • 0
  • 0

Япыр-ай,
Қандай көктем мына көктем?
Нұр болып бар табиғат тұна кеткен.
Бұлбұлдар мың құбылта күйге басып,

Толық

Жас жұбайлар

  • 0
  • 0

Жас жұбайла –
Бір-біріне қимас көңіл жанашырлы,
Жанашырлы болыңыздар, жарасымды,
Жас жұбайлар,

Толық

Отаным

  • 0
  • 0

Күн нұры елжіреп,
Аспаннан ағады.
Тұрады мөлдіреп
Жүзімдер сабағы.

Толық

Қарап көріңіз