Өлең, жыр, ақындар

Бүркіт пен құрт

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 706
Биік талдың бұтағына жабысып,
Тербетіліп тұрды Құрт.
Жүрген Бүркіт одан-дағы әрі ұшып,
Жоғарыдан мазақ етіп күлді күрт:
Ей, бейшара, түсіп сонша азапқа,
Тырбанып бір жеткен жерің осы-ақ па?
Уақытша тұрғаныңмен желпініп,
Құрисың-ау ұшарыңды жел біліп».
«Жеңіл күлдің шамалы, –
Деді Құрт та, – сен ұшасың жоғары,
Болғаннан соң аса мықты қанатың,
Маған ондай мүмкіншілік тиіп пе?
Тұрмын, бірақ, биікте
Қасиетіммен тез жабыса қалатын».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Емен түбіндегі шошқа

  • 0
  • 0

Шошқа Еменнің түбінде
Жаңғағын жеп, тойып алды асқа бір.
Тынығып ап ұйқылы-ояу күйінде,
Көзін ашып қасқа бұл,

Толық

Шыңдағы шынарым-ай

  • 0
  • 0

Түсіме енесің де,
Жақындап келесің де,
Кетесің сағымданып,
Әлде бұл елесің бе?

Толық

Анар

  • 0
  • 0

Жақсы қыз екен Анар –
Ананың тілін алар.
Отты да өзі жағар,
Сүтке де ерте барар.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар