Өлең, жыр, ақындар

Мұрттың мәні

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1375
Сәндемек боп сырт бойды,
Мәкең бірде мұрт қонды.
Күрт жымия қарасып,
Түкпірдегі түртті ойды.
Бірі әзілді бастайды,
Екіншісі қоштайды:
– Ішкен күні бұл Мәкең
Қайта қырып тастайды.
Бірі созып ыржаңын,
Қоздырады қылжаңын:
– Түгел қырып тастамай,
Қалдыра тұр бір жағын.
Дейді бірі:
– Қарағым,
Мұртқа жөндеп қарағын.
Қытықтайды қыздарды,
Иіскегенде тамағын.
Дейді бірі әрі асып:
– Қатып тұр мұрт жарасып.
Болды-ау енді өлетін,
Келіншектер таласып...
Тыңдап алып бәрісін,
Айтты Мәкең мәнісін:
– Ағайындар, мұртты мен
Қойғаным жоқ сән үшін.
Мұрынымның шамалы
Бар емес пе самалы.
Мұрт арқылы танауға
Жел тигізбеу амалы.
Сөйтіп, Мәкең сытылды,
Қылжақтардан құтылды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкініш

  • 0
  • 0

Анамыз бір нанды
Берсе де тең бөліп,
Шығарып лаңды,
Лақтырдым мен келіп:

Толық

Балықшы мен балық

  • 0
  • 0

Көк теңіздің жағасында,
Өздерінше жарасымда,
Шал мен кемпір тұрып жатты,
Солғын өмір сүріп жатты.

Толық

Зарлық пен тарлық

  • 0
  • 0

Жеті балалы біреулерге
Бір бөлме зар болып жүр.
Екі балалы біреулерге
Төрт бөлме де тар болып жүр.

Толық

Қарап көріңіз