Өлең, жыр, ақындар

Ерке қыз

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3334
Қылығың керемет сиқырлы,
Пейіштен келдің бе?
Хор қызы секілді сүйкімді,
Сұлусың сен мүлде.
Төрт бөлдім тып-тыныш ұйқымды,
Өзіңді көрдім де.
Сыйла да сыңғырлы күлкіңді,
Мәңгілік бол бірге.
Қайырмасы:
Көріндің айдай боп көзіме,
Ерке қыз, ерке қыз.
Алмадық кезінде кезіге
Қалайша, ерте біз?
Әдемі ән арнап өзіңе,
Ғажап күй шертеміз
Тыңдашы жан сырын сезіне,
Ерке қыз, ерке қыз.
Көктемнің құлпырған гүлісің,
Алқызыл алаулы.
Танытар паңдана тұрысың
Тәкаббар қарауды.
Өзің деп өртеген тынысын
Жүрегім жалаулы.
Жаралған жан едің кім үшін,
Ерке қыз қалаулы?
Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алматы – әсемдік қаласы

  • 0
  • 0

Алматы – әсемдік қаласы,
Көз тоймас көркіне.
Алатау асқарға қарашы,
Қаласың желпіне.

Толық

Таңдау

  • 0
  • 0

Таңдаймыз, жар таңдаймыз.
Таңдайға бал таңдаймыз,
Соғымға мал таңдаймыз.
Кемпірге шал таңдаймыз.

Толық

Тарақандар

  • 0
  • 0

Түн ішінде қараңғы
Тарақандар жосылып,
Бастары бір қосылып,
Жамандады адамды:

Толық

Қарап көріңіз