Өлең, жыр, ақындар

Қайран қымыз-ай

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2084
Қазақ халқы біз дейміз,
Қымыз дейміз, қыз дейміз.
Барлық жақсы дәстүрді
Ата салттан іздейміз.
Сазгер саңлақ ағамыз
Шәмші сөзін астарлап,
Былай деген аспандап:
Қасиетті барлық сөз
«Қ» әрпінен басталмақ:
Қазы, қарта, қыз, қымыз...
Қымыз ішіп қыздыңыз.
Қалдаяқов мені де
«Қ» әрпінен түздіңіз».
Дейтін аға өзі еді,
Келді сөздің кезегі.
Қазіргі қымыз қымыз ба?
Жарымаған уызға
Секілдіміз қозыдай,
Салтымыздың тозығы-ай.
Кемедейміз дауылдан
Шығып қалған қайраңға.
Қымыз дегенің құнарсыз,
Шалап па, әлде айран ба?
Бұған не амал қыларсыз?
Базардан алсаң, дәмі жоқ,
Бойға жұғар әлі жоқ.
Дүкеннен алсаң, күші жоқ,
Қымызға ұқсар түсі жоқ.
Ағарған аты демесең,
Болады суға теңесең.
«Көтіне қарамай көженің
Ыстығын-ай» секілді,
Емес қымыз өтімді.
Болғанымен судай,
Бағасы удай.
Сондықтан, амалсыз
Сапалы сыра аласыз,
Құтысын ішсең, қанасыз,
Рахаттанып қаласыз.
* * *
Денсаулыққа тым ізгі,
Тұла бойға сіңісті,
Ықылымнан тән қазаққа
Қасиетті қымызды
Айналдырмайық мазаққа.
Ішсек, таза қымыз ішейік,
Күмпілдетіп күбі пісейік.
Атамыздың салтына
Тура жолмен түсейік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сері

  • 0
  • 0

Ертеректе Сері бір
Ерлік жасап құру үшін бір дәурен,
Қамданыпты желігіп,
Соғыспақ боп елестермен, жындармен.

Толық

Келін хикаясы

  • 0
  • 0

Оң ба, әлде теріс пе,
«Тақиялы періште»
Деген фильм кергенбіз,
Күлкіден бір өлгенбіз.

Толық

Наурыз шашу

  • 0
  • 1

Уа, жарандар, жарандар,
Наурыз келді, қараңдар.
Ұлы күнін ұлыстың
Жақсылыққа балаңдар.

Толық

Қарап көріңіз