Өлең, жыр, ақындар

Тұншыққан торғайлар

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 966
Қара түтін қақтаған
Қала үстінде қаптаған
Торғайлар толып жүрді,
Талдан-талға қонып жүрді,
Күндері қараң болып жүрді.
Қараторғай, Жауторғай...
Жоқ еді бір сау торғай.
Шеттерінен тұншықты,
Күңіренген үн шықты:
– Қараторғай – қарамын,
Сиқы мынау қаланың.
Қара түтін қақалтып,
Демімді әрең аламын.
Ән салуға шама жоқ,
Қиқылдайды тамағым.
Көп тумамнан айырлып,
Жасқа толды жанарым.
Бозторғай-ау, қарайып,
Саған не жоқ, қарағым?
– Рас, бұрын боз едім,
Бозторғайдың өзі едім.
Қара түтін оранып,
Қара болды өз өңім.
Күй салатын күйім жоқ,
Бір сұмдықты сеземін.
Өлетұғын тұншығып,
Келді білем кезегім.
Шамам жетсе, біржола
Бұл қаладан беземін...
Болмаса да дәу торғай,
Шиқылдады Жауторғай:
– Достар, мен де сорладым,
Еркін ұшып-қонбадым.
Үлпек жүнім қарайып,
Қара торғай болғаным.
Бұрынғыдай сайрау жоқ,
Құр шиқылдап қалғаным.
Түтіні жоқ таза ауа
Жұтатұғын бар ма күн?
Дұрыс болар қаладан
Іргені аулақ салғаным, –
Осылайша көк құшып,
Көп торғайлар кетті ұшып.
* * *
Ей, адамдар, адамдар,
Кезің келді алаңдар.
Көк түтінмен күн көрер
Қаншалықты шамаң бар?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырманда

  • 0
  • 0

Шабыт берген, дем берген,
Қырман басы көңілді.
Көргендеймін сол жерден
Аралап бар өңірді.

Толық

Мысалдан да тәлім ал

  • 0
  • 0

Ұққан құлақ қанығар,
Түйіп айтар мәні бар.
Ой тастайды астарлап
Мысалдан да тәлім ал.

Толық

Телефон

  • 0
  • 0

Әлі отырмын телефонды күзетіп,
Естілмейді ешбір дыбыс ыз етіп.
Қанша уақыт күткеніме үмітті,
Кеткендей бір көктем мен жаз, күз өтіп.

Толық

Қарап көріңіз