Өлең, жыр, ақындар

Тұрақсыз тырна

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 884
Талтаң басып Тырна,
Жүріп жатты қырда.
Мыңғырған малы болды,
Керектің бәрі болды.
Сауық-сайранда,
Тамаша тойларда
Мойнына тағатын,
Көз жауын алатын
Жарқын бұйымдары да болды,
Алтын тиындары да болды.
Патша ондайларға сеніп келді,
Не істеймін десе де ерік берді.
Сол Патша бір күні аттан түсті,
Яғни, тақтан ұшты.
Тырнаның күні қараң болды,
Қилы заман болды.
Жаңа билік келді,
Жаңа бұйрық берді:
Тырнаның бәрін теңгеретін болды,
Байлықтың бәрін тең бөлетін болды.
Бай Тырна байлығын қимады,
Дүниесінің барлығын жинады.
Сөйтіп, бір түнде қашып кетті,
Қарғалар еліне асып кетті.
Қарғалар оны орап алды,
Бар байлығын тонап алды.
Жұмысын істетіп талай жылғы,
Өзін нағыз малай қылды.
Тырнаның тас тығылып өзегіне,
Қайтадан қашып келді өз еліне.
«Адасып, үйірін тапқанның айыбы жоқ»,
Алайда, Тырнаның бұрынғы зайыбы жоқ.
Жаңадан жар іздеді,
Жанашыр жан іздеді.
«Ауызы күйген үріп ішеді»,
Асыққан жүріп ішеді,
Дегендей,
Тырнаға ешкім бөгелмей,
Қоралы қойдай үріккен
Қарайтын болды күдікпен.
* * *
Өйткені, ой өзгерген,
Опасыз бір шіркін ғой.
Қолайсыз жағдайда кез келген
Қашуы тағы мүмкін ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін

  • 0
  • 0

Кесіп-пішіп дүниенің өлшемін,
Жаттым балқып құшағыңда мен сенің.
Сол-ақ екен жастығым мен мастығым –
Тегенедей төңкерілген емшегің.

Толық

Екеуінен жаралғам

  • 0
  • 0

Әкем менен анамды
Бөліп айта алам ба?
Екеуіндей адамды
Бұл әлемнен табам ба?

Толық

Серік

  • 0
  • 0

Жаздан кейін Серікті
Кімдер қайдан көріпті?
Жайлаудан ол қалаға
Қап-қара боп келіпті.

Толық

Қарап көріңіз