Өлең, жыр, ақындар

Шыннан өзге Құдай жоқ...

  • Bain
  • 28.04.2015
  • 1
  • 1
  • 41447
Шыннан өзге Құдай жоқ,
Анық Құдай – Шын Құдай.
Ұқпай қалма алаң боп,
Шын болмаса, кiм Құдай?

Бұрын шын бар, бүгiн шын,
Ертең шын бар – үш бөлек.
Керегi жоқ бұлардың,
Бұзылмайтын шын керек.

Шын махаббат қылуға,
Шын сабырың жете ме.
Көрiнген әрбiр сұлуға
Көңiлiң толқып кете ме?

Олай болса, таза ақыл,
Әулиелiк сенде жоқ.
Баянсызға бәрi – құл,
Жынданбаған пенде жоқ.

Әулиедей асықтың,
Қасиетiн былғайсың.
Қылығын қылып жастықтың,
Бiр қалыпта тұрмайсың.

Әлде сайтан, әлде жын,
Бiрiн тастап, бiрiн мiн.
Адам емес – айуансың,
Неге тұрсын сенде шын?



Пікірлер (1)

Бейсек

Шәкәрім Құдайбердіұлының Шыннан өзге Құдай жоқ... өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай...

  • 2
  • 1

Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай,
Айнадай ақылыңды тат қылғандай.
Жеңілді ауыр, алысты жақын қылып,
Бір туысқан жақынды жат қылғандай.

Толық

Қырық жылдан өтіп жасым...

  • 1
  • 1

Қырық жылдан өтiп жасым,
Ақылым болды сырласым,
Отыз жылдық замандасым,
Иманым – басшы жолдасым.

Толық

Қодардың өлімі

  • 1
  • 1

Ой қозғайды оңаша таудың басы,
Өткеннің ойға түсіп тамашасы.
Қолтығына қабағын түйіп қарап,
Әне тұр Қодар өлген құз-жартасы.

Толық

Қарап көріңіз