Өлең, жыр, ақындар

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы

  • 30.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2357
Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Мезгілсіз келді кезегім,
Қызығыңа қанбадым.
Кәлам шәріп хат оқып,
Ісләм жолын аңдадың.
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп ойладың,
Құданың назар салғанын.
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен,
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артында қалған біз нашар,
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шам-шырақ,
Орнына қайтып жанар ма?!
Дәуірлеп ұшқан бала құс,
Тұғырға қайтып қонар ма?!
Дүние дәулет болса да,
Алғанымның тұсындай,
Енді дәурен болар ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баянаула

  • 0
  • 0

Жері кең Баянауыл даңқың асқан,
Жер жоқ қой бұл маңайда сенен асқан.
Әркімнің туған жері өзіне ыстық,
Сондықтан шыдамастан әнге қостық.

Толық

Жәмила

  • 0
  • 0

Торыны жаз жайламай күз жайлайды, ай, ау,
Басыңа не күн туды-ай, бізді ойламай, ау,
Жәмила-ай-ау.
Ахау, жалған-ай!

Толық

Көкен-ай

  • 0
  • 0

Екі ауылдың арасы қар болды ғой, ай,
Бір көре алмай Көкенді зар болдым ғой, ай.
Көкен-ай, қиылған қас екен-ай.
Бір көре алмай Көкенді жүргенімде, ай,

Толық

Қарап көріңіз