Эссе және өлең-жыр байқауы

Байқадың ба?

Байқадың ба?
Судың жылжып аққанын,
Өмірдің өтіп жатқанын,
Шығыстан атқан күннің,
Батысқа барып батқанын.

Санадың ба?
Күнді күнге қосып,
Уақыттың әр минутын тосып,
Шынардай қатты шындығың,
Барады жүректі осып.

Шайқадың ба?
Көтеріп ап қасыңды,
Сенбеген соң басыңды,
Амал не деп алып,
Сипадың ғой шашыңды.

Қаладың ба?
Өмірдің солай өткенін,
Арамдығың түбіңе жеткенін,
Намысыма тиген соң сөзім,
Есікті ашып, кет дедің.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...