Эссе және өлең-жыр байқауы

Өмір

Өмір өмір өмір дейміз сыналғанда,
Барлық пенде жиналған бұл алаңға.
Бәйге де аты шауып, жүлде алған бар.
Сол алаңда жығылып жылағанда.

Өмірде жүр пенде қып таңдағасын,
Әр тағдыр бөлек-бөлек таңқаласың.
Ақ көңіл, адал ниет жанды көрсең,
Қара ниет сатқындыда аңғарасың.

"Мен мықты "-деп, кейбіреуі төске ұрады.
"Досым"-дейді, сыртыңнан сөз қылады.
Бәйгеге қосқан атың оза шапса,
Досы келіп, досына тор қылады.

Жақсы да жүр нұрын шашып жайраңдаған,
Жауызда жүр жазасыз тайраңдаған.
Өмірді белшесінен кешіп жүр-ау,
Жақсыдан қалыс қалмай қайран қалам!

Адамзаттың жиналған бұл тұрағы.
Жақсылық пен жамандықтан тұрады.
Байда бар, кедейде бар, жетімде бар
Әр пенденің дайын тұр-ау өз сынағы

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...