Өлең, жыр, ақындар

Ақиқат жайлы

Ақиқат адалдықтың айғағы ма?
Жалғандық бастайды екен қайдағыға.
Ібілісің ерітіп іргеңе кеп,
Өтірігің өріңде жайлады ма?

Өмірде әркім үшін арман мықты,
Түсінер дүниені талғамы мықты.
Адамдар ысырып сап адалдықты,
Жамбастап басып жатыр жалғандықты.

Ақиқат кір шалмаған ақпа екен,
Бұл шындық арамы жоқ қаққа бөтен.
Кейде осы шындықты айырмаймыз,
Дегендей расымен нақпа екен?

Ол рас ақиқатқа сене алмаймыз,
Себебі әркімдерді көп алдаймыз.
Жоқ болса қолды созып бере алмаймыз,
Тасыса қызғаныштан көре алмаймыз.

Әркім өзін жөн көрет мойындамай,
Тыңбайсың жалғандықты орындамай.
Аллаһ деп ақиқатты айтсаңдаршы,
Жалғандықты айтудағы ойың қалай?

Өтірікті өсірмей құрықтағың,
Бұл өмірде ақиқатты ұлықтағың.
Әр ісіне істеген О дүниеде,
Аллаға есеп береріңді ұмытпағын.

Жалғандық билемесін жадыңызды,
Шындықты айт әрқашанда жаныңа ізгі.
Ақиқат өміріңнің арқауы боп,
Жамандық билемесін жаныңызды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз