Өлең, жыр, ақындар

Досыма хат

Ейййй досым есіңдеме өткеніміз,
Сауық құрып, ән мен жыр төккеніміз.
Есіңдеме елеуреп есік жаққа.
Тығылып талай шылым шеккеніміз.

Мен құспын, ал сен менің қанатымсың,
Мен басылсам сен от боп жанатынсың.
Мергенсің көшедегі аспа шамды.
Шақпақ таспен шықырлатып шағатынсың.

Қонушы едік үйімізге біріміздің,
Баста дым жоқ,уы көп тіліміздің.
Ескермей есейіппіз адал досым
Білмеппіз бақыттысын күніміздің.

Әлді едің талай мені матағансың,
Жамбасқа сап жалп еткізіп қадағансың.
Сен сарысың орыссың дегенде мен
Онда сен неміссің деп атағансың.

Біргеміз ақпан болсын, тамыз болсын,
Сүрген өмір еншісінде маңыз болсын.
Алақандай САРАЛЖЫН ауылына
Орыс неміс достығы аңыз болсын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар