Өлең, жыр, ақындар

Қазақпын!

Мен қазақпын!
Қазақстанда туылғам!
Мен азатпын!
Тәуелсіз елде туылғам!
Мен, ержүрек батырлардың ұрпағы,
Мен, ақын, шешендерден тарағам!
Абаймын мен!
Қаламменен даңқым шыққан!
Махамбетпін!
Найзаменен күш сынасқан!
Ыбыраймын!
Алғашқы мектеп ашқан!
Бауыржанмын!
Дивизияны бастап шыққан!
Мәншүкпін, Әлиямын, Ләззатпын мен!
Фашисттерге тік қарап, оғымды атқам!
Кәне, айтшы, білмеймін деп бұл жандарды!
Айта алмайсың, танисың бұл адамды!
Дүниеде танымайтын бізді адам жоқ!
Себебі біз қазақпыз, мәңгі даңқты!
Қазақстан - батырлардың туған жері!
Қазақстан - сұлулардың туған жері!
Қазақстан! Бейбіт халық! Тәуелсіз ел!
Жасай бер, Қазақстаным, гүлдене бер!



Пікірлер (1)

Смағзам Жансұлу

Рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз