Өлең, жыр, ақындар

Анамен әсем бәрі де

  • 05.10.2019
  • 0
  • 0
  • 1521
Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Арадай балын жиятын,
Ақылы дария құятын.
Ананың кеуілі кеңістік,
Бүкіл әлем сиятын.

Қызғыштай қорғап ұясын,
Бала үшін жанын қиятын.
Анадай пәктік қайда бар,
Сақтаған арын, ұятын.

Ажары ақ таң арайлы,
Күлімдеп күнде қарайды.
Ананың көңілі күн көзі,
Жарқыратқан маңайды.

Сұлулық, өмір сәні де,
Әлемнің шырқар әні де,
Бар тіршілік мәні де, –
Анамен әсем бәрі де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке ақылы

  • 0
  • 0

Өзгені өзіңнен еш кем санама,
Кетейін кескініңнен мен садаға.
Үлкенге иіл, кішіні ренжітпе,
Ақылмен жол таба біл сен санаңа.

Толық

Жеңеше

  • 0
  • 0

Жарастық бүкіл ауыл ажары едің,
Жастардың той-думанда базары едің.
Көркіңді, мінезіңді, ақылыңды,
Тіл жетсе, әттең шіркін, жазар едім.

Толық

Аранды қыр

  • 0
  • 0

Ыстықсың, туған жерім – Аранды қыр,
Көргенше сағынамын қараңды бір.
Көз тоймас көктемдегі келбетіңді
Кестелеп жаза алмадым жарамды жыр.

Толық

Қарап көріңіз