Өлең, жыр, ақындар

Бұл дүние жалған екен, алданба...

Бұл дүние жалған екен, алданба,
Байлығыңды тау етуге қамданба.
«Шүкір» айтқын әрбір атқан таңыңа,
«Менің ұйқым қанбады» деп шамданба.

Бұл дүние жалған екен, білсейші,
Шыбын жанды елің үшін тілсейші.
Өмірің де қамшы сабы секілді,
Адал болып, шын ниетпен күлсейші.

Біреулер бұл дүниені теңіз дейді,
Ашуыңды ақылыңа жеңгіз дейді.
Біреулер шын бақытты түсінбестен,
Алтын, байлық, күмістерден ем іздейді.

Бұл дүниеде барлығы да өткінші,
Я, бір Аллам, өткіншіден өткізші.
Қиындықты жеңуіме күш беріп,
Ең бақытты, көктем күнге жеткізші.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз