Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік!

Бабалардың қалдырған мол асылы
Тарихпенен үйлескен жарасымы.
Ұрпағымын кешегі ұлылардың
Туған елдің мен болам жанашыры

Бейбіт күннің арайлы ақ таңы үшін
Елім деген ерлерім атқа мінсін
Еуразия төрінен орын тепкен
Егемен Қазақстаным – мақтанышым

Тәуелсіздігіме биыл 28 жыл
Тойлатайық бәріміз дүркіреп бір
Алаш жұрты қосылар бір ауыздан
Ақ көңілден арналған жыр тілек бұл
Жұдырықтай жүрегім соққан сайын
Мәңгілік жаса қазақ ұлты деп тұр.



Пікірлер (1)

baqytjanuly

пікір жазып, лайк басайық достар

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар