Өлең, жыр, ақындар

"Қазақ"...

Ахуалды айтар болсам елдегі,
Айта берем, сөз бітпейді мендегі.
Айта берем, тоқтамаспын ешқашан -
Шындық айту - бұл Алланың бергені!
Бөлектендік, жойылды қазақ кеңдігі,
Кедейлер көп алынбаған теңдігі.
Қазақтар бар сөйлей алмас қазақша -
Мәселе бұл қолға алар ендігі.
Тастап жатыр далаға өз баласын,
Ей, қазағым, қайда бастап барасың?
Ал, кей қазақ қарттар үйін жағалап
Өткізер мәз боп ата менен анасын.
Пара аламыз, "көрмейді мұны ешкім", деп,
Дәл осылай жоғалармыз біртіндеп.
Бірақ, Алла көріп тұр ғой, ұмытпа! -
Жауап таппай, қиналмағын бір күн кеп!
Несі жақсы, жүргенмен бүйтіп азат боп,
Тірлігімізбен көрінген жұртқа мазақ боп?!
Ата - бабам тастап кеткен идея -
Көтерейік қазақтың даңқын "қазақ" боп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз