Өлең, жыр, ақындар

Май шам

Көлеңкелі ғұмыр бұл
Көтертпейтін еңсені
Бірге жүріп сүріндік
Кіналаман мен сені

Сенің бейнең шырайлы
Мен тұратын әлемнің
Бар бөлігін құрайды
Орнын бастың сан емнің

Сенің көзің мен үшін
Тынық мұхит тәрізді
Ашылады тынысым
Басқанындай қар күзді

Сенің ернің, таң нұры
Оятатын ұйқыдан
Оюланар жан гүлі
Жүрегіңе сый тұнған

Сенің демің, жел самал
Сипап өтер бетімнен
Ұстай алмай мен талай
Құшақтауға бекінген

Сенің мойның, аққайың
Жұмақ иіс, әр бір күн
Тағы қалай мақтайын
Шөлімді сенен қандырдым

Бізде болды сан құлау
Демедіңде сен мені
Біздің кеме шарықтау
Мен штурвал кеменің

Мына өзіңсің желкені
Желге ілесіп тербетер
Бір өзіңдей еркені
Мына мемен тең етер

Мінезіңмен байсалды
Жетеледің жеңіске
Өшіріп кет май шамды
Құламаймыз еңіске



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз