Өлең, жыр, ақындар

Терезеге телміріп

  • Bibit
  • 14.11.2019
  • 0
  • 0
  • 1405
Жылай-жылай таусылды тамшы жасым,
Ойлай-ойлай өзіңді солды басым.
Келмейтінің белгілі бетенеден,
Сағыныштан құса боп атты таңым.

Оянады пенделер сабылысқан,
Қым-қуыт тіршілікпен жолығысқан.
Менде тұрдым орнымнан ұйықтағандай,
Мең-зең күймен ұйқысыз жаңылысқан.

Терезеге қараймын пердені ашып,
Қар жауыпты далаға ұлпа шашып.
Қар бетінде бірең-сараң іздер жатыр,
Бері емес, кері қарай қадам басып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кеш келген күз

  • 0
  • 1

Сары-ала болған сары күз,
Ауылға биыл кеш келді.
Жанымды менің жылулық,
Жаз дәурен алыс кетпеді.

Толық

Мұң

  • 0
  • 1

Мұңымды мен ешкімге білдірмедім,
Сырды ұғатын, сырлы дос іздеп едім.
Сағыныштан құса боп өлең жазып,
Мұңмен сырды түсінер дос іздедім.

Толық

Өтіпті-ау

  • 0
  • 0

Сағынба дейсің,
сағынарлықтай кімсің сен?
Мен сені күткем,​
бірақ сен әсте келмеген.

Толық

Қарап көріңіз