Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік таңдары

Туған жерде ,еркін ел, тебіренсін,
Тәуелсіздік таңдары, еліме енсін.
Бізге тағдыр беріпті, еркін күнді,
Бабалардың аңсап кеткен тілегі үшін.

Біздерде көп ерекше жыл, елеулі күн,
Көріп келем елімнің өркендеуін.
Ата-баба аңсап кеткен алтын күнді
Алтын ғасыр сыйлады бізге бүгін.

Таусылмасын тойлансын мерекелер,
Бақ береке мерекеге ере келер.
Қуанайық әр таңға тыныш атқан,
Өнегелі еңселі ел екен дер.

О, ғасырым сыйлай бер еркін күнді,
Ел болайық кемел ойлы көпке үлгі.
Барша жұрттан естейік алтын күлкі,
Көрмесінші мына көзім күрсінгенді.

Тәуелсіздік қырансың қалықтаған,
Күндіз –түні кең далам жарық маған.
Мен бір балаң күлкімен көзін ашқан,
Құшақ жайған әлдилеп алып далам.




Пікірлер (1)

Жарайсың

Керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз