Өлең, жыр, ақындар

Болсын менің өмірім шын ертегі

Болсын менің өмірім шын ертегі,
Соған ғана байланған жүрек тұсым
Ондай өмір басқаларға ұқсағанмен,
Мендегісі жүректің жүрегі шын...
Болмысы тазалықпен тұнған шырай,
Жоғалтпасын өзінің жүрек күшін.
Мендегінің барлығын алаламай,
Дұрыс болсын əрдайым шешім күшің.
Айырмасын деп тілеймін Құдай үшін
Өз бойымның ақындық өнерін шын
Аллам,сені қаншалықты жақсы көрсем,
Ол өнерім қымбат маған алтындай шын...
Ертегіде айтылмайма шындық жиі?
Менің жазған ертегім шындық үйі.
Ол өнерді Аллам үшін жақсы көрем,
Соңы жақсы болмақ онда,сеземін мен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз