Өлең, жыр, ақындар

Өлең мен сені аялап өтем...

Дара күндерімнің,
нала түндерімнің
серігі болғаның үшін,
сенімі болғаның үшін
мен сені аялаймын.

Біреудің пасықтығынан,
біреудің жасып мұңынан,
жүрегім сыздаған кезде,
жаным мұздаған кезде
мен сені саялаймын.

Біреудің күлкісін көріп,
бақыттының түр-түсін көріп,
шаттанып қалған шағымда,
жеткендей арман-сағымға,
қуаныштан дірілдеп денем,
алдыңа күлімдеп келем.

Ажалмен айқасқан сәтте
қыршын жас көз ілгенін көріп,
өткінші сезімдерді көріп,
кешегі "доспын" дегеннің
минутта жерінгенін көріп,
кімнен өшімді аларымды білмей,
кімдерге кінә тағарымды білмей,
алдыңа лапылдап келем,
жарылуға жақындап келем.

Өмірдің өткелдерінен
қиындық көп көргеніммен,
өртеніп от басқаныммен,
өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
азапты, қайғы-мұңымды
өзіммен бөліскенің үшін,
қатем мен жеңістерім үшін
менің мынау қиындау тағдырым болып
о баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем!



Пікірлер (14)

Zhazira

керемет олен

Myrza

Өте керемет

The Zhaink

Пах шіркін! Керемет!!!

Айбек

Жақсы өлен екен

Foaoa

Ержан сила

Ержан

Тамаша, рахмет!

Есіл

Ұмытпаңдар менің сөзімді

Ерасыл

Оқыған кезде өзімде болған кездерді есіме келеді терең мағыналы өлең керемет!!

Нұрлыбек

құлқ құлқ қлұқ

Нұрлыбек

керемет

Алмас

Керемет

адебиет сүйгіш

бұл шығарма маған қатты ұнады. Бұл шығарманы өз достарыммен бөлісіп талқылауды ойымда ұстаймын.

мади

өте күшті

Ибраһим

Пах шіркін! Керемет!!!

Пікір қалдырыңыз

Толғау

  • 0
  • 0

Маңғыстау – менің мұңды үнім,
мұңды үнімменен нұрлымын.
Жақсыларымды жалмаған
өмір дегенің – бір жылым.

Толық

Ақ пен қара туралы ақиқат

  • 0
  • 0

Сонау бір шуақты шақ, балаң күнде
жыртылып не батқан жоқ жағам кірге.
Жұпыны тірлігіміз. Қала жақтан
ақ фартук алып келді ағам бірде.

Толық

Қоштасып талай доспен

  • 0
  • 0

Қоштасып талай доспен
қайғының таттым дәмін.
Көңілімнен арай көшкен
дос көріп жаттың бәрін.

Толық

Қарап көріңіз