Өлең, жыр, ақындар

Бәйтерек

  • 14.12.2019
  • 0
  • 0
  • 11769
Астана – Отан жүрегі,
Мен де сенем, ел сенбек,
Армандадым үнемі,
Соны, шіркін, көрсем деп.

Өтірікпен дос емен,
Жалғандыққа санама,
Астанаға кеше мен
Еріп бардым анама.

Бағандары темірлі,
Адымдадық асыға,
Көтерілдік көңілді
Бәйтеректің басына.

Қандай әсем жер беті,
Қалай тұрам мақтанбай?!
Астананың келбеті
Алақанда жатқандай.

Билеп алды ерікті,
Анам да тұр мақтап-ақ,
Көшелері көрікті,
Зәулім үйлер қат-қабат.

Неменеге асығам?
Ұмытылды көмескі ой.
Бәйтеректің басынан
Кеткім келер емес қой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге ғана

  • 0
  • 0

Сарбазың көп болғанмен сапта көрген,
Жайғасқан жерде жетім, тақта мерген.
Бәрібір абызыңа айналмайды,
Көпіртіп мәңгүртіңді мақтағанмен.

Толық

Шаң түссе ұятыма

  • 0
  • 0

Аспанымды арман, мұң қабат басып,
Күйзелгенмін көңілден абат қашып.
Ой-өрісі...
Пенденің түсінігі,

Толық

Біздің Отан

  • 0
  • 0

Таулы, тасты сала көп,
Сірә, мұндай дала жоқ.
Атаң менен әжеңнің
Өскен жері бала боп.

Толық

Қарап көріңіз