Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік ел

Мен қазақтың жерінде туып-өскем,
Талай сынды басынан елім кешкен.
Сол зұлматтан аман қалған бүгінде,
Айдарынан қазағымның жел ескен.
Зар заманнан өттік біз толқымалы,
Айтыңдаршы қай жүрек толқымады?
Бастан өткен тарихты отты желдей,
Ұмытпастан жырлайды халқым әлі.
Қазағымның тарихы өмір-дастан,
Талай алып жеріме табан басқан.
«Мәңгілік ел» арманы бабалардың,
Бүгінде қолға алынып, іске асқан.
«Мәңгілік ел» ұғымы ежелден бар,
Бастауы сол ұғымның түрік көкжал.
«Бұл жай термин»-деп ұқпа ұлы сөздер,
Орхон мен Күлтегіндей жазбада бар.
Ежелде өзен болған Орхон дейтін,
Қазір де сақтап қалған мұра кейпін.
Іздесең талай жазба сақталыпты,
Зерттесең тарихтағы Орхон бейітін.
Елбасы қолға алмады мұны текке,
Түпқазығы бағдардың болсын көпке.
Айқын жол салып берді келешекке,
Түссін деп заманменен жекпе-жекке.
«Мәңгілік ел» бағдарын тарих құрған.
Бұл бағдар азды-көпті шарттан тұрған.
Ең бірінші санамыз оянсын деп,
Тіліміздің мәніне көңіл бұрған.
Халқыма қарыштаудың жолы дайын.
Бабалар алып берген далаң сайын,
Қарышта кең далаңда қанат сермей,
Деп өткізді елбасы құрылтайын.
Мақтан ет кең далаң бұл алаш жері,
Қазақсыз тарқамаған алаш шері.
Жеріңді сақта өйткені аманат бұл,
Төгілген арыстардың маңдай тері
Бүгін елім алдыға қол сермеді,
Жөнсіздікке жерімде жол бермеді.
«Мәңгі ету өз елімді қолымда»-деп,
Бұл күндері кеудені ой кернеді.



Пікірлер (1)

karlygash1972

Керемет!yes

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз