Өлең, жыр, ақындар

Үзілмеген үміт

Көңілім қара бұлттай мұңайды ,
Ой санам тыныштықты сұрайды .
Жүрегім əрі-бері езіліп ,
Көздерім қайта-қайта жылайды.

Қараймында бір тесікке үңіліп ,
Ойлай берем əр нəрсені түңіліп.
Сондағы , ақ мамықтай көңілім ,
Бара жатыр тұңғиыққа көміліп.

Бауырларым, қош келдіңдер , кеш жарық
Анашым бөгелді екен, кеш қалып .
Олай болса айтайын оқиғамды ,
Белгісіз анашымды еске алып.

Тастапты ана мен сияқты баласын ,
Тастандыға кім жақсырақ қарасын?
Көңіл қосып, байғұс əйел жүкті боп,
Туып алды , біліп-білмей шамасын.

Мезгіл келіп, үрей бойға төнерді ,
Көктем келді , айналамыз көгерді .
Бейшара ана, ойланбастан далаға ,
Өз баласын тастап əрі жөнелді.

Бір адамдар тауып алды даладан ,
Баладай түсіп қалған шанадан.
Ең болмаса көре алмадым көздерін ,
Маған əр сəт көңіл бөліп қараған.

Бар балаша өз үйімді кезе алмадым ,
Жүрегімді үмітпенен езе алдадым .
Анашымның ақ жанарын көрмек түгіл ,
Иісінде мен оның сезе алмадым.

Бала жүрек күтуменен тоқтамады,
Əр күн сайын үмітпенен шоқталады .
Болса деймін сол бір анам дəл жанымда ,
Қуанарем күнде ұрып соқсадағы.

Күнде есікті біреулер кеп жағалады ,
Кейбірлері күлімсіреп қарамады.
Зат сияқты таңдап алып өздері ,
Ойланбастан балаларды бағалады.

Жақсы адамдар бар əрине сенемін ,
Анашыма əдемі гүлдерімді теремін .
Күнде -күнде терезені сығалап ,
Бір үмітпен өмір сүріп келемін.

Қалай ғана жаны ашпады баласына?
Соншама жер мен көктің арасы ма?!
Титтей де мейірім болса жүрегінде ,
Қайтып келер, мен сенемін анашыма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар