Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан

Байтақ өлкем Қазақстан мекенім
Балғын жырға сені арқау етемін
Бір өзің деп бастап құлын жырымды
Бір өзіңді мәңгі жырлап өтемін

Ардақтаған ақылдысың данасың
Əлпештеген өзге ұлттың баласын
Ұрпағына аманат қып жеткізген
Бабалардан қалған мұра даласын

Дүбірлетіп Алатаудың бөктерін
Барлық əлем құрғалы тұр шептерін
Күні ертең EXPO-дай көрмеге
Білеміз біз əлем назар тіккенін

Қазақстан менің атамекенім
Нұрын төксін саған дəйім көкте күн
Алғы шептен көріне бер əрдайым
Саған деген тілегім де көп менің

Бар əлемді кереметпен таң қылып
Қазақстан өркендеуің заңдылық
Ұрпақтарың мəнді өмір сүрсе егер
Қазақстан ел болады мəңгілік



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз