Өлең, жыр, ақындар

Еңбек етсең...

Ерінбей əркез еңбектен
Шын еңбек елді тербеткен
Еңбектенбесең егер де
Таппайсың бақыт жер-көктен

Еңбекте өшпес арай бар
Еңбектен сол бір арайды ал
Еңбектерінің күшімен
Табысқа жеткен талайлар

Шын еңбек етсең емерсің
Еңбек дегенің өнер шын
Ешқашан еңбек еш кетпес
Рақатын оның көрерсің

Еңбегін ешке арнаған
Еріншектікті таңдаған
Қол-аяғы аман-сау
Ерінгендерге таң қалам

Қай кезде еңбек тыйылған
Ел де еңбекпен құрылған
Құдайдың өзі адамға
Еңбектенуді бұйырған

Еңбектен. Оттай жанасың
Бақыттың біліп бағасын
Адал еңбекпен ізденсең
Іздегеніңді табасың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз