Өлең, жыр, ақындар

Уақыт және біз

Уақыт,шіркін,ырғағынан жаңылмас,
Ал,адамдар жанталасқан өлермен.
Саxна-өмір,сағат тілі жалықпас,
Шапалағын сарт- сарт соққан көрермен.

"Әртістер"бар сомдаган сан бейнені,
Киіп алар кейіпкер бет пердесін.
Біреу өзін, біреу ойнар өзгені,
Мен де бір,басқасына не дерсің.

Біреулер бар,іші жылап,сырт күлер,
Қайтсін енді, кімге жайсын зар-мұңынбек.
Тамсанып байсымаққа жұрт білер,
Күйін кешіп ертектегі жарлының.

Біреулер бар, тілін безер шоқ үрлеп,
От салатын ортасына жақсының.
Ұйып оған елітетін шоғыр көп,
Рөлін шебер келтіргендей бақсының.

Біреулер бар ,өзін өзі әйгілеп,
Парағынан орын алар тариxтың.
Арыстанша аузын ашқан ай білеп,
Күні құрсын көкірегі зағиптың.

Біреулер бар ,керек емес дабыра,
Үн-түнсіз-ақ сүрлеу қылған соқпағын.
Күркесі артық кең сарайдан даңғыра,
Қарлығаштың ұясындай шап-шағын.

Біреулер бар ,тек тілегі жақсылық,
Жайлау жаға, қашан көрсең жымиып.
Іздесеңіз айтқанымнан нақтылық,
Көп ішінен бірдің ғана күйін ұқ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз