Өлең, жыр, ақындар

Әкем - менің отағасы, анам - менің отанасы

Әкем менің - отағасы, отбасының қорғаны,
Әкем болса, бақ-береке, ырыстың мол болғаны.
Анам менің - отанасы, отбасының шуағы,
Бар жақсылық, бар мейірім сол анамнан туады,
Сәби кезім, естеріңде, естен еш сәт кетпейді.
Әке менен аналарға еш биіктік жетпейді.

Ізгілікке ізетпенен,
Баули білген сәби күннен"
Қате бассам, түзеп келген,
Айналдым ана, айналдым әке әлдиіңнен

Шыр етіп мен дүниеге есік аштым, шарайна.
Ер жетсін деп, еңбек еттің, атсын деп таң арайлап.
Әке менен аналардың мөлдіретпей жанарын,
Пір тұтайық, алақанда аялайық, жарай ма?!
Әкең - сенің асқар тауың, анаң- кәусар бұлағың,
Әке,ана, сәбилерден бар ғаламат тұрады,

Ізгілікке ізетпенен,
Баули білген сәби күннен.
Қате бассам, түзеп келген,
Айналдым ана, айналдым әке әлдиіңнен

Күн-түн демей терін төгіп, шаңырағын ойлаған,
Ешқашанда өз мүддесін ең бірінші қоймаған.
Қадам басса, шәкірт болса, түлек болса қуанып,
Құлынының әр жеңісін ағайынмен тойлаған.
Әкешімнің алақаны - мейірімді, аялы,
Анашымның әр кеңесі дана көзі баяғы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз