Өлең, жыр, ақындар

Фариза Оңғарсынова (арнау)

Ақын апам, өлеңі үлгі маған,
Махаббат лирикасын мың толғаған.
Жүрекпен, ықыласпен мағыналы,
Әдебиетке жол салған поэзиядан.

Фариза бұл ақыны барша бектің,
Саф алтындай керемет нұрды септің.
Сол нұрменен нұрланған махаббатқа,
Керемет бір туынды өлең ектің.

Із қалдырдың артында өшпес мәңгі,
Өмірменен ап жүрген бірге әнді.
Осындай қазақ қызы көп болса екен,
Ата салтын сақтаған сұлу, сәнді.

Жақсының өзі өлсе де аты өлмейді,
Ақынның жазған өлең хаты өлмейді.
Фариза апам өзіңіз өлгенменен,
Жазған өлең, дастаның алға өрлейді.

Уәде берем әніңіз сыналады,
Есімің бар әлемге таралады
«Қазақтың Фаризасы» деген кезде
Тас жүректер әлемде жоғалады.



Пікірлер (1)

Модератор

Авторы өзім - дегенді де басу керек.
Қаламды басып жөндеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Өмір солай

  • 1
  • 2

Өмір солай жақсылық пен жаман тең,
Өмір солай өтеді екен алдаумен,
Өмір солай жалған бес күн кеп кеткен,
Ешкімді де аямаған, шеттеткен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер