Өлең, жыр, ақындар

Мен сені ұнатамын!

Мен сені ұнатамын!
 
Кірбің түсіп кеткендей ақ көңілге,
Өткен күннен жоқ емес əттеңім де.
Сол бір жанға еріксіз ғашық болдым,
Осы жылдың шуақты көктемінде.

Ақпан өтті,сырғытып үскүрігін,
Махаббаттың сезімі күшті бүгін.
Қалай ғана жүректен кетіремін,
Үрлеп тұрған сезімнің ысқырығын?!

Кімге айтамын білінбес сырларымды?
Ұлғайтамын көрінбес мұңдарымды.
Ойлап тұрып,өзгеше сағыныштан,
Білмей қалам жабығып қалғанымды.

Маған сезім бар ма ода,əлде жалған,
Көз алдымда сезімдер сызықталған.
Білмей жүрмін япыр-ау не істерімді,
Жетелейді жүректе үміт-арман.

Əрі ойлаймын,өзімді құлатамын,
Бері ойланып жүректі жылатамын.
Жаным менің!бірақ та біліп жүрші,
Мен сені ұнатамын,ұнатамын!!!

©Жамбыл Ахатов



Пікірлер (1)

Айзере

Таппак керек

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз