Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • 02.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2383
Келді наурыз, гүл-көктем,
Төгіледі нұр көктен.
Наурызды тойлайды ел,
Шаттық толы дүрмекпен.
Жаңарды бар тіршілік,
Ағаш-талға бүр шығып.
Алтынкүрек желі ескен,
Бәйшешек гүл құлпырып.
Күн менен Түн теңелді,
Дала нұрға бөленді.
Ұлы күні ұлыстың,
Ел ырысқа кенелді.
Берекенің бастауы,
Тілек айтқан жас-кәрі.
Құшақ ашқан құстарға,
Туған елдің аспаны.
Мейіріммен астасқан,
Ізгілікпен достасқан.
Ән шалқытып, күй тартып,
Наурызда ел бас қосқан.

(балаларға арналған тақпақ)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұлы дала тамыры

  • 0
  • 0

Аталар бар ұрпақ қамын ойлаған,
Тәлімі ізгі себетұғын ойға дән.
Ұрпақ қайда басын алмай кітаптан,
Ұлы Дала тарихына бойлаған.

Толық

Дала жыры

  • 0
  • 0

Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы,

Толық

Мамандық

  • 0
  • 0

Теміржолшы атам да,
Шығады алыс сапарға.
Сәнді киім тігетін,
Тігінші ғой апам да.

Толық

Қарап көріңіз