Өлең, жыр, ақындар

Түс

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 992
Түсімде көрдім анамды –
Ұсынған шұбат, нән зерең.
Тозса да нұрлы жанары
Көзінен ұқтым – мән терең.
Ұстадым қолым қалтырай,
Шұбат тұр, дәрі, көпіршіп.
Ұрттадым ауыз толтыра,
Екен бір, ылғи, епіршік.
Сәбилік сәтті бір мезет
Сезіндім, міне, шал басым.
Қырық жыл бұрын бір кезек
Жазалы болып қалғасын.
Көргенсіз дейтін, баланың,
Сапырмай шұбат ішкенін.
Тәртібі солай даланың,
Көтермес сәлді, кешкен мың.
Жасқана жайлап қарадым
Күнәлі көзбен анама.
Ілгері аттап бір адым
Сөйлейді маған жан ана. –
Іше ғой, жаным, қанып бір,
Жүрсің ғой алыс қияда.
Болса да сирек қонып тұр
Ұшырған, мына, ұяңа.
Қуаныш кернеп барады,
Құшаққа кеттім көміліп.
Жұпары мұрын жарады
Есімде қалған өмірлік.
…Оянып кеткен кезімді,
Ашып ем жайлап көзімді…
…Сезсемде дәмін епіршік,
Шұбат жоқ тұрған көпіршіп…
…Аяп та кеттім өзімді,
Қайтадан жұмдым көзімді.
Жаныммен сездім исіңді,
Шал балаң балқып, исінді. 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тау бұлағы

  • 0
  • 0

Моп-момақан қарасаң келбетіне,
Күз өткен соң есейіп, ержете ме?
Ұйқылы-ояу жатқаны тау еркесі
Ақ бесікте, бал-бөбек, тербетіле.

Толық

Ауылда

  • 0
  • 0

Еске салар тәттіні қай-қайдағы,
Бақтылы мен Жұпардың балқаймағы.
Жан сусындар тыңдасаң ауыл шалын,
Бұлбұл үнді, зерлі сөз, бал таңдайлы.

Толық

Жұмыр жер сенің бесігің

  • 0
  • 0

Жұмыр жердің бесігіне бөлендің,
Ұлы, қызы жер емшегін тел емдің.
Барлық адам туыс маған көрінер:
Ақ-қарасы, жас-кәрісі әлемнің.

Толық

Қарап көріңіз