Өлең, жыр, ақындар

Еске алу

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2260
Ғашық болдым дедің бе, сен, шырағым?
Міндің онда ақ арманның пырағын.
Айтшы маған, жүрек симай кеудеңе,
Көкіректе сеземісің жыр-ағын?
Ғашық болдым дейсің шырақ, япырмай,
Өмір сені алға бастап жатырғай.
Үлкендерде бір кездерде ғашық боп,
Азап шеккен таңдайына татырдай.
Болсадағы дҽмі соның аùылау,
Өз еркіммен мен де есігін аштым-ау.
Сенем сонда, жігіт, ғашық болдың деп,
Айтса саған ішпей-жемей массың-ау.
Сезсең егер өзіңді құс қанаты,
Сезсең егер сейістей ұшқан аты.
Сезсең егер өзіңді қас батырдай,
Бір сілтесең жоқ болар дұшпан аты.
Өлең айтсаң жүрек жарды тоқтамай,
Алғың келсе бар жаманды боқтап-ай.
Сенем саған сонда ғашық болды деп,
Қорғап қалсаң бейтанысты оқтан-ай.
Сезіміңді ұрлап, қорлап тықпасаң,
Қыз көзінен басқа заттан ықпасаң.
Десең егер, қауіп-қатер немене,
Көп болғанда өлтірерсің, мықтасаң.
Талай түнде жауын-шашын, шықтасын,
Білсең дағы сол сұлудың шықпасын –
Сенем сонда нағыз ғашық болды деп,
Қыз үйінің ық жағына ықтасаң.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білтелі шам

  • 0
  • 0

Отырмын сенің түбіңде тағы ойланып,
Балалық шақты, өмірді өткен ойға алып.
Жас шақта шырақ қажет те емес екен-ау,
Арманның нұры сіңгенде, аппақ, бойға анық.

Толық

Домбырам, менің домбырам

  • 0
  • 0

Домбырам, менің домбырам!
Мезгілмен мәңгі жарысқан,
Ғасырдан озған тарланым.
Жоғалтпай сонау алыстан,

Толық

Жұмыр жер сенің бесігің

  • 0
  • 0

Жұмыр жердің бесігіне бөлендің,
Ұлы, қызы жер емшегін тел емдің.
Барлық адам туыс маған көрінер:
Ақ-қарасы, жас-кәрісі әлемнің.

Толық

Қарап көріңіз