Өлең, жыр, ақындар

Алыста жүрген ағайын

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1655
Аз күн дәмдес болған стамбулдық қара көз қарындасым Мәстура, ақжарқын жеңге Дариға, асыл аға Мәжит Жаналтай, сiздерге арнадым.

Сақтаған ұзақ сан жылдар
Қанжардай күңгiрт тартты ма?
Жарқ етшi, кәне, сағыныш,
Жарып шық теңдi, қапты да.
Шарадан асса сағыныш,
Шөл басып бүгiн, қанып iш.
Мауқынды басшы қарындас,
Сұрыптап тiлек ағын iш.
Шырқаудан әндi жалықсаң,
Татудан дәмдi қалыспаң.
Тойлайтын нағыз күнiмiз,
Ағайын келiп алыстан.
Асылын сөздiң саптаған,
Ардақтап дәстүр баптаған,
Ортаңда бүгiн қазақтын
Жорғасы отыр ақтабан.
…Жүрсе де қиыр тау, сайда
Қалғасын алыс аңсай ма?
Келе ме дала тағысы
Туған жер шөбiн шалғысы,
Бiр жалап тұзын алғысы?
Алысқа неге асыпты.
Таңдады неге қашықты?
Сұраққа сұрақ жамарсыз,
Кеттi ме жырақ амалсыз?
Болса да адал, пәк кiсi,
Келдi ме жала жапқысы,
Мойнына қарғы таққысы?
Болды ма содан жат кiсi?..
Алыста жүрген ағайын,
Көмiлген сырды қазайын.
Кей кезде налып, жабығам,
Аздықтың тартып сазайын.
… Ай туар көкшiл күмбезде,
Күмiстен шашып сәулесiн.
Жаратып тұлпар сол кезде,
Қосыла шауып, әу дерсiң!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқыңды қишы бір түндік

  • 0
  • 0

Ұйқыңды қишы бір түндік,
Сырласып сандық ашайық.
Кешірші мені еркінсіп
Бақыттан кетсем масайып.

Толық

Сезім

  • 0
  • 0

Сезім... Сезім — мәңгі жас көктембісің?
(Табынтады тірлікті көктем — күшің!).
Аяйтын ем мезгілсіз бүр жарғанды,
"Көктем сезім" күзінде шеккенді шын.

Толық

Миллион жылдар елестеп

  • 0
  • 0

Әулие Бекет мешіті
Үш жүзге жуық шақырым.
Бір түнеп қайтпақ ойы бар
"Әуейі-ақын" пақырың.

Толық

Қарап көріңіз