Өлең, жыр, ақындар

Тыңда да сөзді сарала

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 908
Тыңда да сөзді сарала,
Кім айтты оған қарама.
Қазақтың кейбір мақалы
Сіңбейді толық санаңа.
…Мұраты қыздың кету ме?..
– Өмірден мұңсыз өтуге,
Әлемнің сәні ай, жұлдыз –
Созады қолын жетуге.
Әкеден ширек кем тусаң
Аз-тоз боп, халқым, кетер ең.
Жүз-жүз боп тарап кетпесең
Жем болмай жатқа өтер ең.
Жеті атаң атын білгенмен
Зердеңе болса бермеген –
Жүрерсің ылғи тырысып
Тоқтыдай жетім шөлдеген.
Қалауын тапса қар жанар…
Ондайға нанба, жанбайды.
Ары бар адам қаламас,
Арсыздар үміт жалғайды.
…Болатын бала жас болмас…
…Шайнап берген ас болмас…
Атаның асыл сөздері
Жетелер жолға жасты алғаш.
…Оң қолың ұрыс бастаса
Сол қолың болсын арашы…
…Қазақтың бейбіт болмысы,
Оған жоқ ешкім таласы.
Айтқан кім – әкім, дана ма
Бәрі бір сөзді сарала.
Жүрекке жылы, мөлдірін
Құйып ал, төкпей санаңа..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойлар, ойлар...

  • 0
  • 0

Ойлар, ойлар… келеді де кетеді
Шеттерінен бір-бірінен өтеді.
Қиял-сұңқар қанатына мінгізіп,
Алып кетер сол ойлардың жетегі.

Толық

Қара мая

  • 0
  • 0

Еркексіз қалған ел деген,
Кеткелі хабар келмеген.
Сонда да арман жетелеп
Қағазға қара сенбеген.

Толық

Адамның бәрі адам, бәрі адам

  • 0
  • 0

Адамның бәрі адам, бәрі адам:
Жасы да, ақылдысы, кәрі, надан.
Батыр да – аямайтын қасық қанын,
Қорқақ та – қастер тұтар пасық жанын.

Толық

Қарап көріңіз